Алматыда туристік алаяқтық жасаған 26 жастағы әйел ұсталды

Алматыда туристік алаяқтық жасаған 26 жастағы әйел ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.08.2025 17:26 Сурет: polisia.kz
Алматыда шетелге саяхат ұйымдастыруды сылтау етіп, азаматтарды алдаған 26 жастағы әйел ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алмалы аудандық полиция басқармасының мәліметінше, күдікті әлеуметтік желі арқылы туристік агенттік атынан хабарласып, жәбірленушілерге шетелге сапар уәде еткен. Алайда ақшаны алғаннан кейін, ол уәдесін орындамаған.

Полиция тұрғындарға туристік қызметтерді таңдауда сақ болуды ескертеді. 

"Компанияның беделін алдын ала тексеріп, ресми келісімшарт жасаңыз және жолдаманы тек заңды тұлғаның ресми реквизиттері арқылы төлеңіз. Интернеттегі бейтаныс адамдарға ақшаңызды бермеңіз", - деді Алмалы аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары Ержан Оразаев.

Қазір оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: