Ақтөбеде жаңа босанған әйел перзентханада алаяқтық жасаған

Жаңа босанған әйел перзентханада алаяқтық жасады , сурет - Zakon.kz жаңалық 24.05.2024 22:11 Сурет: pixabay
Ақтөбе қаласының полиция басқармасына екі әйел алаяқтық туралы арызданды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жәбірленушілердің айтуынша, жыл басында олар перинаталдық орталықта болған, онда босанған әйелдердің бірі 5 млн теңге көлемінде кепілсіз несие ресімдеуге көмек ұсынған. "Қызметі" үшін ол 90 мың теңге көлемінде ақша сұраған.

Екі босанған әйел оған қажетті соманы картаға аударған. Алайда уәде етілген несиені де, өз ақшасын да ала алмаған жәбірленушілер полицияға арызданды.

Полиция қызметкерлеріне күдіктінің жеке басын анықтау қиынға соққан жоқ, ол облыс орталығының 34 жастағы тұрғыны болып шықты.

Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: