Сергей Пономарев жаңа қызметке сайланды
Сурет: vechastana.kz
Қазақстан халқы Ассамблеясының хабарлауынша, жиынға Қауымдастық төрағасы, еліміздің мемлекет және қоғам қайраткері Владимир Божко, өңірлік филиалдардың басшылары, этномәдени бірлестіктердің белсенділері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері қатысты.
Отырыста ҚОСКҰҚ төрағасының бірінші орынбасары қызметіне – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, қоғам қайраткері және журналист Сергей Пономарев сайланды.
"Бірінші орынбасар этномәдени бірлестіктермен өзара іс-қимыл, мәдени және ақпараттық жобаларды жүзеге асыру, мемлекеттік органдармен және қоғамдық құрылымдармен ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін қадағалайды", - делінген хабарламада.
Сергей Пономарев журналистика және қоғамдық коммуникациялар саласында 30 жылдан астам еңбек етіп, жетекші телеарналарда авторлық және аналитикалық бағдарламаларды жүргізді, қоғамдық кеңестер мен өкілді органдардың жұмысына белсенді қатысты. 2023 жылдан бастап VIII шақырылымдағы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты.
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығы – Қазақстан халқы Ассамблеясы құрамындағы мемлекеттік бастамаларды қолдайтын, этносаралық келісімді нығайтуға, мәдени әралуандықты дамытуға, тарихи-мәдени мұраны сақтауға және қоғамда достық, бірлік пен өзара құрмет қағидаттарын ілгерілетуге елеулі үлес қосып келе жатқан іргелі бірлестіктердің бірі.