Астана – Петропавл тасжолындағы жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тапты

Астана – Петропавл тасжолындағы жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тапты, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.08.2025 13:46 Сурет: Zakon.kz
16 тамыз күні Астана – Петропавл автожолының 277-шақырымында, Көкшетау мен Щучинск қалаларының арасында жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды Zakon.kz Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, Kia K5 пен Volkswagen Passat көліктері соқтығысқан. Жол апаты салдарынан Volkswagen Passat жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қаза тапқан.

Ал Kia K5 жүргізушісі мен үш жолаушысы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Апатқа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Оның қорытындысы бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады.

Құқық қорғаушылар жүргізушілерге жолдағы жылдамдық режимін қатаң сақтау қажет екенін, әсіресе көлік қозғалысы жиілеген учаскелерде мұқият болуды және көлік құралдарының техникалық жағдайына тұрақты бақылау жүргізудің маңызын еске салды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: