Ақмола облысында жол апатынан үш адам қаза тауып, бесеуі жарақат алды
Сурет: Zakon.kz
3 тамыз күні Астана – Петропавл тасжолының 243-шақырымында Hyundai Elantra және ВАЗ-2107 көліктері соқтығысып, жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға салдарынан ВАЗ-2107 көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Ал шетелдік көліктің жүргізушісі мен төрт жолаушысы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.
Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апатына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Оның нәтижесінде процессуалдық шешім қабылданады.
Осы қайғылы оқиғаға байланысты өңірлік полиция жол қозғалысына қатысушыларға тағы бір мәрте ескерту жасады:
жылдамдықты асыру, қашықтықты сақтамау және қарсы жолаққа шығу – бұл жай ғана құқықбұзушылық емес, адам өмірін жалмайтын әрекеттер.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript