Алматы облысында жол талғамайтын көлік аударылып, төрт адам қаза тапты

Алматы облысында жол талғамайтын көлік аударылып, төрт адам қаза тапты, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.04.2025 21:43 Сурет: akorda.kz
21 сәуір күні кешке Алматы – Бішкек тасжолының 86-шақырымында жантүршігерлік жол апаты болды. Төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 22 жастағы Land Rover көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік аударылып кеткен.

"Жол апаты салдарынан жүргізуші мен екі жолаушы оқиға орнында көз жұмды, тағы бір адам ауруханада қайтыс болды", - деді полиция өкілдері.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: