Алматы-Бішкек тас жолында жол апатынан үш адам қаза тапты

Алматы-Бішкек тас жолында жол апатынан үш адам қаза тапты , сурет - Zakon.kz жаңалық 04.02.2025 14:14 Сурет: Telegram/police_almobl
Бүгін, 2025 жылғы 4 ақпанда Алматы-Бішкек тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды. Үш адам қаза тауып, тағы біреуі жарақаттанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Алматы облысы полиция департаментінің мәлімдемесінен белгілі болды.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, Chevrolet Cobalt жүргізушісі жолдың қарсы бағытына шығып, Hyundai Elantra көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан екі жүргізуші мен Hyundai Elantra жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Chevrolet Cobalt көлігінің тағы бір жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді",- делінген таратылған ақпаратта.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу жүргізілуде.

Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жылдамдық режимін бұзбауға және жолда аса мұқият болуға шақырады.

Бұған дейін Қонаевта бір топ жасөспірімнің қатарласын аяусыз соққыға жыққандығы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: