Қазақстанда отандық тауар өндірушілер мен шағын бизнесті қолдауды кеңейтуде

Аудит, расчет, аудитор, графики, график, экономика, предпринимательство, бизнес, инвестиционные контракты, инвестиции, инвестирование, рост экономики, экономический рост, график роста, графики роста, финансы, финансовый рост, рейтинг, рейтинги, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.08.2025 09:35 Фото: freepik
2024 жылғы Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру аясында Үкімет шағын және орта бизнесті қаржылық әрі қаржылық емес қолдау тетіктерін кеңейтуге назар аударып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бұл сатып алулардағы қазақстандық үлесті ұлғайтуға және капитал тартуға қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Отандық кәсіпорындардың жүктемесін арттыру мақсатында ұзақмерзімді келісімшарттар мен офтейк-келісімшарттар енгізілді. Мемлекеттік сатып алулар аясында ұлттық режимнен 4 834 тауар позициясы алынып тасталды.

2025 жылдың алғашқы алты айының қорытындысы бойынша жалпы сомасы 333,4 млрд теңгеге 106 мыңнан астам келісімшарт жасалды, бұл 2024 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда екі еседен аса жоғары көрсеткіш.

Бүгінгі таңда қазақстандық тауарлар тізілімін қалыптастыру жұмысы аяқталуға жақын.

Бұл платформа СТ-KZ және индустриялық сертификаттарды алмастырып, мемлекеттік дерекқорлар арқылы мәліметтердің автоматты түрде верификациялануын қамтамасыз етеді, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады және нақты өндірісті растауға мүмкіндік береді.

Компаниялар QR-коды бар тегін онлайн-анықтама ала алады; Тізілімге енгізу тек расталған өндіріс болған жағдайда ғана жүзеге асырылады. Платформаны толыққанды іске қосу 2026 жылғы 1 қаңтарға жоспарланған.

Бұған дейін Тоқаевтың ISSF және ASC жетекшілерін қабылдағаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: