Синоптиктер еліміздің екі өңірінде аптап ыстық әлі сақталатынын ескертті

Аптап ыстық, ауа райы болжамы, 19 тамыз, Атырау облысы, Ақтөбе облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.08.2025 19:54 Сурет: pixabay
Синоптиктер алдағы сейсенбіде, 2025 жылғы 19 тамызда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК деректері бойынша, күндіз мына өңірлерде аптап ыстық күтіледі:

  • Атырау облысында: +35...+39°С,
  • Ақтөбе облысының оңтүстігінде: +35°С.

Республикамыздың батысында, оңтүстігінде және орталығында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

"Солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық қозғалыстар Қазақстан аумағында өз ықпалын сақтайды: найзағай ойнап, жаңбыр жауады, елдің қиыр шығысында нөсер жаңбыр жауады, жекелеген аудандарда бұршақ түсуі мүмкін... Республика бойынша ортақ табиғи құбылыс ретінде желдің екпін алуы аталады, солтүстікте, шығыста түнде және таңертең тұман болады, облыстың батысында шаңды дауыл тұрады деп болжанады". "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі

Болжамға сәйкес:

  • өрт қаупі жоғары өңірлер: Алматы облысында, Жетісу облысының батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында, Атырау өңірінің солтүстігінде, оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, Жамбыл облысының орталығында;
  • төтенше өрт қаупі – Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында, Батыс Қазақстан облысында, Алматы өңірінің батысында, солтүстігінде, шығысында, Жамбыл облысының солтүстігінде, батысында, шығысында,  Атырау өңірінің батысы мен шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Қарағанды, Ақтөбе және Абай облыстарында.  

Бұған дейін синоптиктер еліміз бойынша 19–21 тамызға арналған ауа райы болжамымен бөліскен болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: