Көлік иелері ХҚКО-да алаяқпен танысып, сан соғып қалды
Фото: Zakon.kz
Ақтөбеде бірнеше рет алаяқтық жасады деп айыпталған ер адам сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақтөбе қаласының № 2 сотының 19 тамызда таратқан мәліметіне сүйенсек, 2023 жылдың мамыр айында сотталушы мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығында жәбірленушімен танысқан. Сол жерде жәбірленушіге тиесілі Ресейлік нөмірлі автокөлігін Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіркеу нөмеріне құжаттарын заңдастыру үшін ұсыныс жасап, қылмыстық ойымен, өз кызметі үшін 665 000 теңгені сұраған.
Жәбірленуші, оның ұсынысына келісіп, 450 000 теңгені қолма-қол беріп, қалған 215 000 теңгені банк қосымшасына аударым жасаған.
"Сотталушы жәбірленушінің 665 000 теңге ақша қаражаттарын иемденіп, өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Дәл осындай тәсілмен ол жалпы 4 жәбірленушіге 3 360 000 теңге көлемінде материалдық шығын келтірген",- делінген ақпаратта.
Сот отырысында сотталушы кінәсін толық мойындады. Сот оған 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Сот үкімі заңды күшіне енді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript