20 тамызда елдің қай өңірлерінде найзағай ойнап, жаңбыр мен бұршақ жауады

20 тамызда елдің қай өңірлерінде найзағай ойнап, жаңбыр мен бұршақ жауады, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.08.2025 18:10 Сурет: unsplash
Синоптиктер Қазақстанда 2025 жылғы 20 тамызда, сәрсенбі күні ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК дерегінше, республиканың батысы, оңтүстігі және шығысында антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

"Солтүстік-батыс циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар Қазақстанның солтүстік, солтүстік-батыс және орталық өңірлеріне әсерін сақтайды – найзағай ойнап, жаңбыр жауады, солтүстік-батыс пен солтүстікте бұршақ түсуі ықтимал. Республика бойынша жел күшейеді, түнде және таңертең солтүстік, батыс пен орталықта тұман түседі, ал оңтүстікте шаңды дауыл соғады", - делінген болжамда.

Сонымен қатар өрт қаупі бар екені де ескертілді:

  • жоғары өрт қаупі – Алматы облысында, Жетісу облысының оңтүстік-шығысы мен шығысында, Ұлытау облысының шығысында, Атырау облысының солтүстігі мен оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында;
  • төтенше өрт қаупі – Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Жамбыл облыстарында, Батыс Қазақстан облысының батысында, Алматы облысының батысы, солтүстігі мен шығысында, Атырау облысының батысы мен шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, сондай-ақ Қарағанды және Ақтөбе облыстарында.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: