Астанада 7 жастағы бала ата-анасының көлігін айдап шығып, жол апатына түсті

Астанада 7 жастағы бала ата-анасының көлігін айдап кетіп, жол апатына түсті, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.08.2025 19:32 Сурет: видео скрині
Астанада 7 жастағы бала ересектердің қарауынсыз қалып, ата-анасының көлігінің кілтін алып, жол апатына себеп болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бала ауладан ұзап үлгерместен, бірден тұрақта тұрған көлікке екі соғылған.

"Полиция қызметкерлері баланың және оның ата-анасының жеке басын анықтады. Ата-анасы міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылады", - делінген полиция хабарламасында.

Сондай-ақ тәртіп сақшылары ересектерге балалардың қауіпсіздігіне мұқият болуды, көлік кілттері мен өзге де қауіпті заттарды қараусыз қалдырмауды ескертті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: