Қырғызстанда 60 альпинист эвакуацияланды: олардың арасында қазақстандықтар да бар

Қырғызстанда 60 альпинист эвакуацияланды: олардың арасында қазақстандықтар да бар, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.08.2025 21:11 Сурет: pixabay
Қырғызстан Қорғаныс министрлігінің авиациясы бірнеше альпинистер тобын, оның ішінде шетелдіктерді де, эвакуациялады. Олардың арасында қазақстандықтар да бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

Альпинистерді тікұшақтармен Ыстықкөл облысындағы Жеңіс пен Хан-Тәңірі шыңдары маңынан жеткізген, деп жазады ТАСС.

"Қырғыз Республикасы Қорғаныс министрлігінің екі тікұшағы 2025 жылдың 19 тамызында алты рейс жасап, Жеңіс пен Хан-Тәңірі шыңдары ауданынан 62 альпинисті эвакуациялады", - деп мәлімдеді ведомство өкілі.

Эвакуацияланғандар арасында Ресей, Қырғызстан, Қазақстан, Қытай және Ұлыбритания азаматтары бар.

Бірқатар альпинис пен құтқарушы тікұшақтармен биік таулы "Оңтүстік Энилчек" және "Поляна" лагерьлеріне жеткізілді, ал қалғандары альпинистік базаларға әкетілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: