АҚШ-тан Коста-Рикаға депортацияланғандар арасында 3 қазақстандық бар

Коста-Рика Трамп әкімшілігі АҚШ-тан депотациялаған алғашқы 200 мигрантты қабылдады. Олардың арасында қазақстандықтар бар.
"Рейтер" агенттігінің хабарлауынша, мигранттар ел астанасы Сан-Хоседен Панама шекарасы маңындағы лагерге жіберілді.
Оларға мұнда бір ай қалуға рұқсат етілген, деп жазады qazaqstan.tv.
Осы уақыт ішінде мигранттарды отандарына өз ерікімен қайтару мәселесі қарастырылуы керек.
"Миграция кеңсесінің қарарына сәйкес, Коста-Рика мигранттарды 30 күн ішінде өз еркімен туған еліне қайтаруға міндетті. Депортацияланғандар ішінде 3 қазақстандық, 17 ауғанстандық, 30 өзбекстандық, 26 қытайлық және тағы басқалар бар." Омер Бадилла, миграция агенттігінің бас директоры
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript