22 тамызға ауа райы болжамы: Қазақстанның екі өңірінде +35°С дейін ыстық болады

22 тамызға ауа райы болжамы: Қазақстанның екі өңірінде +35°С дейін ыстық болады, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.08.2025 18:10 Сурет: pixabay
"Қазгидромет" РМК мамандары 2025 жылғы 22 тамыз, жұма күнге ауа райы болжамын ұсынды. Болжамға сәйкес, Қазақстанда аптап ыстықпен қатар кей жерлерде нөсер жауады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Күндіз мына өңірлерде аптап ыстық +35°С дейін жетуі мүмкін:

  • Алматы облысында;
  • Жетісу облысында.
"Қазақстан аумағының басым бөлігіне солтүстік-батыс циклоны мен соған байланысты атмосфералық фронттар әсерін сақтайды – найзағаймен бірге жаңбыр, бұршақ, екпінді жел соғады, елдің солтүстігінде нөсер жаңбыр жауады… Республика бойынша жел күшейеді, ал солтүстік-батыста және солтүстікте түнде және таңертең тұман болады", - делінген "Қазгидромет" баспасөз қызметінің хабарламасында.

Республика оңтүстік-шығысында ғана антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Сонымен қатар гидрометорталық өрт қаупі жөнінде ескертті:

  • жоғары өрт қаупі – Алматы облысында, Жетісу облысының оңтүстігі мен шығысында, Ұлытау облысының шығысында, Маңғыстау облысының оңтүстік-батысы мен солтүстік-шығысында, Атырау облысының батысында, Шығыс Қазақстан облысының орталығы мен оңтүстік-шығысында, Абай облысының батысы мен оңтүстігінде;
  • төтенше өрт қаупі – Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Жамбыл облыстарында, Батыс Қазақстан облысының батысында, Алматы облысының батысы, солтүстігі мен шығысында, Атырау облысының шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, сондай-ақ Қарағанды, Ақтөбе облыстарында күтіледі.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: