Қазақстанның үш өңірінде өрт қаупінің ең жоғары класы жарияланды

Қазақстанның үш өңірінде өрт қаупінің ең жоғары класы жарияланды, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.08.2025 10:21 Сурет: akorda.kz
Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстанның үш өңірі мен Шымкент қаласының тұрғындарына ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған аумақтарда 23 тамызда өрт қаупінің бесінші, яғни ең жоғары класы белгіленді.

Бұл Шымкент, Түркістан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарына қатысты.

"Елдің солтүстігі мен шығысында найзағай, кей жерлерде бұршақ күтіледі. Ал оңтүстігі мен батысында шаңды дауыл соғып, Түркістан, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Атырау облыстарында +35-тен +40°С-қа дейінгі аптап ыстық қайта келеді", - деді министрлік.

Осыған байланысты ТЖМ қазақстандықтарға мынадай сақтық шараларын ұстануды ұсынады:

  • от жақпау;
  • ашық алаңда шылым шекпеу;
  • қураған шөптің жанында шөп өртеуге болмайды.

Еске салайық, бұған дейін синоптиктер 23 тамызда Астанада және Қазақстанның 17 облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасаған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: