Тоқаев Макронмен телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев Макронмен телефон арқылы сөйлесті, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.08.2025 15:10 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президенті Эмманюэль Макронмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақораданың хабарлауынша, Француз тарапының бастамасымен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президенті Эмманюэль Макронмен телефон арқылы сөйлесті. 

"Мемлекеттер басшылары екіжақты қарым-қатынастың қарқынды өрбіп келе жатқанын атап өтіп, сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін бірлесе жұмыс істеуге уағдаласты", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ президенттер Біріккен Ұлттар Ұйымының 80 жылдығы қарсаңында халықаралық күн тәртібі жөнінде пікір алмасты.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанға Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейн келетінін хабарлаған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: