Алматыда "Горный гигант" ықшамауданында жекеменшік үй өртеніп жатыр
Сурет: Алматы төтенше жағдайлар департаменті
Алматыда Медеу ауданына қарасты "Горный гигант" ықшамауданында жекеменшік үй өртеніп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қалалық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға орнында жедел штаб құрылған.
"Өртті сөндіру үшін 3 жауынгерлік учаске ұйымдастырылды. Су үздіксіз жеткізіліп, өрт сөндіру құралдары қосылды", - деп хабарлады департамент.
Барлық жедел қызмет өкілдері оқиға орнында. Жағдай бақылауда.
Бұған дейін еліміздің үш өңірінде өрт қаупінің ең жоғары класы жарияланған еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript