"Горный гигант" шағын ауданындағы өрт: егжей-тегжей

"Горный гигант" шағын ауданындағы өрт: егжей-тегжей, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.08.2025 16:01 Сурет: Zakon.kz
Алматыда "Горный гигант" ықшамауданындағы өртке қатысты жаңа мәліметтер жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалада жеке үйден басталған өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Кейін от қасындағы ғимараттың шатырын да шарпыған.

Сурет: Zakon.kz

Қалалық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт сөндіру жұмыстары кеш хабар түскендіктен қиындаған.

Сурет: Zakon.kz

"Өрт сөндірушілер жеткен кезде от әбден күшейіп кеткен. Сонымен қатар ғимараттардың тығыз орналасуы жалынның жылдам таралуына себеп болды", - делінген мәліметте.

Сурет: Zakon.kz

Оқиға орнында жедел штаб құрылды, жағдай бақылауда.

Zakon.kz тілшісінің айтуынша, оқиға орнындағы түтін бірнеше шақырымнан көрінеді.

Бұған дейін еліміздің үш өңірінде өрт қаупінің ең жоғары класы жарияланған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: