Алматының Медеу ауданындағы өрт сөндірілді

Алматының Медеу ауданындағы өрт сөндірілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.08.2025 16:35 Сурет: Zakon.kz
Алматының Медеу ауданы"Горный гигант" ықшамауданындағы жеке тұрғын үйде шыққан өрт сөндірілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт алдын-ала 1000 шаршы метр алаңда сөндірілді.

"Өртті сөндіру хабарламаның кеш жеткеніне байланысты қиындады: өрт сөндірушілер келген кезде өрт әлдеқайда ұлғайған еді. Қосымша қиындықтарды жалынның тез таралуына ықпал еткен жапсарлас салынған ғимараттардың құрылымдық ерекшеліктері тудырды", - делінген хабарламада.

Өрттің себебі анықталып жатыр.

Еске салайық, Алматыда "Горный гигант" ықшамауданында жекеменшік үй өртеніп жатқанын хабарлаған едік.

Zakon.kz тілшісінің айтуынша, оқиға орнындағы түтін бірнеше шақырымнан көрінеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: