Төтеншеліктер Қостанайдағы жарылыстың егжей-тегжей мәліметтерімен бөлісті
Не болды?
Облыстық ТЖД бастығы Камаз-орталық территориясында ауаға жиналған газдан жарылыс болуы мүмкін екенін нақтылайды.
"Сағат 15:00-дегі жағдай бойынша біз үш адамды тауып, үйінділердің астынан алып шықтық. Олардың бірінің жағдайы ауыр. Әзірге , алдын ала берілген тізім бойынша 13 адам, бұл - медициналық көмек көрсетілген зардап шегушілер. Екеуі үйіне босатылды". Қайрат Қасым
Оның айтуынша, ауруханада жеті адам бар.
Үйінділер астында қанша адам қалып кетуі мүмкін?
"Жұмыс берушілердің берген тізімі бойынша үйінділер астында тағы үш адам болуы мүмкін. Бірақ бұл ұйымға қатысты ғана мәлімет, яғни клиенттерге қатысы жоқ, сондықтан бұл арада нақты цифр айту қиындау". Қайрат Қасым
Ол қазір апаттық-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Камаз-орталық аумағында қандай қызметтер көрсетілді?
"Қазір оны айта алмаймын. Камаз-орталық деген көліктер сервисімен байланысты нәрсе ғой". Қайрат Қасым
Іздеу жұмыстарын қиындатып жатқан не?
Өңірлік ТЖД бастығы "құлап, қираған өте ауыр конструкциялар және осы территорияда сынып, бұзылып тұрған техниканың көптігі іздестіру жұмыстарында белгілі бір деңгейде қиындықтар туғызып отырғанын атап өтті.
"Бірақ қазір техника жеткілікті. Қосымша күш келіп жетті. Тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр, крандарды орнату үшін алаң әзірленді. Біз қорқатын жалғыз нәрсе бар: үйінділердің астында қалып кеткендерге зиян келтірмеу үшін инженерлік техниканы аса сақтықпен қолданудамыз". Қайрат Қасым
Сондықтан, спикер атап өткендей, "аршу жұмыстары іс жүзінде қолмен жүзеге асырылуда".
Жарылысқа не түрткі болуы мүмкін?
"Мұны тергеу нәтижесі көрсетеді. Бірақ ауаға газдың көп жиналуынан жарылыс болуы мүмкін деген болжам бар". Қайрат Қасым
Құрбан болғандар жоқ па?
Сондай-ақ, Қостанай облысы ТЖД бастығы "қаза тапқандар туралы әлі мәлімет жоқ" екенін жеткізді.
2023 жылы 11 желтоқсанда Қостанайда Амангелді тұрғын алабы аумағында жарылыс болды. Үйінді астында жеті адамның қалып кеткені, оқиға орнында жедел штаб құрылғаны хабарланған болатын.
Кейін Қостанай облыстық ТЖД үйінді астынан екі адамның шығарылғанын хабарлады.