ШҚО-да аралда қалып кеткен құлындарға құтқарушылар көмекке келді
Сурет: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
Шығыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметі өңірдегі елдімекендердің бірінде жүргізілген "құлындарды құтқару" операциясының егжей-тегжей мәліметтерімен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Глубокое ауданының, Прапорщиково ауылында жайылымда жүрген жылқылар ішіндегі үш құлын су айдынындағы аралға өтіп, судан жағалауға өздігінен жете алмады.
Тығырыққа тірелген жануарларды байқаған куәгерлер ШҚО ТЖД құтқарушыларын көмекке шақырды.
Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері қайықпен құлындар тұрған жерге жетіп, оларды аман-есен қауіпсіз жерге жеткізді.
"Бүкіл құтқару операциясында жануарлар өздерін тыныш ұстады және құтқарушыларға мойынсұнып, барлық әрекеттерді ұқыпты және асықпай орындауға мүмкіндік бергендей болды". ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

Сурет: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
Айта кетсек, 19 мамырда Қарағанды облысы ТЖД құлынды құтқару сәтінің видеосымен бөліскен болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript

