Жаңалықтар тізбегі
0

Қостанайдағы жарылысы: үйінді астынан екі адам шығарылды

Үйінді, Қостанай, газ, жарылыс, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.12.2023 15:47 Сурет: Instagram/qostanai_tjd
Қостанайда 2023 жылғы 11 желтоқсанда Амангелді тұрғын алабында газ жарылды, үйінді астында қалып қойған адамдардың ішінде екі адам сыртқа шығарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жөнінде Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.
"11 желтоқсанда сағат 12:39-да Қостанайдың Амангелді ауылында газ-ауа қоспасының жарылуы салдарынан жүк көліктерін жөндеуге арналған бір қабатты ғимараттың құлағаны туралы хабарлама келіп түсті. Куәгерлердің айтуынша, үйінді астында адамдар болуы мүмкін", - делінген хабарламада.
Іздестіру-құтқару жұмыстарына Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті атқарушы органдардың күштері жұмылдырылған.
12 адам алғашқы медициналық көмекке жүгінген.
"Іздестіру-құтқару жұмыстары кезінде үйінді астынан екі адам шығарылды".Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі

Ведомство іздестіру жұмысы әлі де жүріп жатқанын хабарлады. 
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: