Қостанайда газ жарылып, 7 адам үйінді астында қалып қойды
Сурет: Қостанай қаласы ТЖД
Бүгін, 11 желтоқсанда сағат 12:36-да Амангелді тұрғын алабында газ жарылды. Оқиға орнында жедел штаб құрылды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, аумақта газ-ауа қоспасы жарылып, салдарынан бір қабатты ғимарат толығымен опырылып, жеті шақты адам адам үйінді астында қалған.
Қазір оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Жарылыс болған жерге облыс әкімі Құмар Ақсақалов келіп, жедел штаб құрылды. Адамдарды құтқару жұмыстары жүргізілуде.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript