Алматыда 30 тамызға дейін Бостандық ауданындағы бір көше жабылады

Алматыда 30 тамызға дейін Бостандық ауданындағы бір көше жабылады, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.08.2025 17:25 Сурет: Zakon.kz
Алматының Бостандық ауданында құбырларды ауыстыруға байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шектеу Әбіш Кекілбайұлы көшесінің Байқадамов және Есқараев көшелері арасындағы бөлігінде қолданылады.

Ол 2025 жылғы 24-30 тамыз аралығында күшінде болады.

"Бұл шектеулер жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жұмыстарды сапалы орындау мақсатында енгізіледі. Маршруттарыңызды алдын ала жоспарлап, уақытша қолайсыздықтарды ескерулеріңізді сұраймыз", - деп хабарлады "Алматы Су" мекемесі.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда су құбырын ауыстыру жұмыстарына байланысты Мыңбаев көшесінің жекелеген бөліктерінде автокөлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізілетінін хабарлаған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: