Жаздың соңғы күндері: Алматы мен Шымкентте +37°С, жауын-шашынсыз

Жара в Алматы, лето в Алматы, алматинское лето, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.08.2025 15:34 Фото: Zakon.kz
Қазақстанның үш ірі қаласы бойынша 2025 жылдың 27, 28 және 29 тамызына арналған ауа райы болжамын "Қазгидромет" РМК синоптиктері Zakon.kz-ке ұсынды. Олардың мәліметінше, Алматы мен Шымкентте жауын-шашын күтілмейді. Ал ел астанасында тек бір рет қана жаңбыр жауады деп болжанып отыр.

Астана

  • 27 тамыз: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз жел екпіні секундына 7-12 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде 13-15°С, күндіз 30-32°С.
  • 28 тамыз: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз жел екпіні 14 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 16-18°С, күндіз 32-34°С.
  • 29 тамыз: ауыспалы бұлтты, түнде жаңбыр, найзағай. Түнде жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 15-17°С, күндіз 22-24°С.

Алматы

  • 27 тамыз: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 16-18°С, күндіз 31-33°С.
  • 28-29 тамыз: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Әлсіз жел күтіледі. Ауа температурасы түнде 18-20°С, күндіз 32-34°С.

Шымкент

  • 27-29 тамыз: аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің күші 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде 18-20°С, күндіз 35-37°С.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: