Шымкентте екі алма бағын салу кезінде 685 млн теңге желге ұшты

Шымкентте екі алма бағын салу кезінде 685 млн теңге желге ұшты, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.08.2025 14:55 Сурет: pixabay
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Бас прокуратура Қаржылық мониторинг агенттігімен бірлесіп "Аграрлық несие корпорацисы" АҚ-ның (АНК) қызметін тексерді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тексеру нәтижесінде мемлекетке материалдық залал келтірген "Шымкент қаласында екі алма бағын салу" жобасын іске асыру барысында "Ауыл шаруашылығын қолдау қоры" АҚ (бұдан әрі – Қор, 2021 жылы АНК-ның құрамына кірді) басшылығының лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану фактісі анықталған.

Белігілі болғандай, аталған факті бойынша 10.07.2024 жылы Бас прокуратура Қылмыстық кодекстің 361-бабы 4-бөлігінің 3) тармағы (лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану) бойынша қылмыстық іс қозғады.

Іс материалдарына сәйкес АНК Басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары И.М. өнім беруші С.Р.-дың мүддесін көздей отырып, Шымкент қаласындағы техникалық ерекшеліктер мен мәлімделген өндірістік параметрлерге сәйкес келмейтін алма бақтарын пайдалануға қабылдаған (орындалмаған жұмыс соммасы – 430,6 млн теңге).

Нәтижесінде бүгінде мемлекетке сараптамалар мен мамандардың қорытындысы бойынша 685,8 млн теңгеге материалдық залал келтірілді.

"Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен АНК басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары И.М. және мердігер ұйымның директоры С.Р. мүлікті тәркілеумен 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды". ҚР Бас прокуратурасы

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: