Тоқаев пен II Абдалла "Астана" халықаралық қаржы орталығын аралады

Тоқаев пен II Абдалла "Астана" халықаралық қаржы орталығын аралады, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.08.2025 17:31 Сурет: akorda.kz
Қазақстан Президенті мен Иордания Королі "Астана" халықаралық қаржы орталығына барды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейн Астана халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) аралап көрді. 

Басқарушы Ренат Бектұров мәртебелі меймандарды Орталық қызметінің нәтижелерімен, АХҚО сотының, Халықаралық төрелік орталығының, Қаржы қызметін реттеу комитетінің және АХҚО биржасының ерекшеліктерімен, сондай-ақ бірегей корпоративтік "Сенім музейінің" жұмысымен таныстырды.

АХҚО негізі қаланған сәттен бері 17 миллиард доллардан астам инвестиция тартқан. Орталыққа 85 елдің 4200-ден астам компаниясы резидент ретінде тіркелді.

Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Еуразия құрлығындағы көлік-логистика торабы ретіндегі маңызын атап өтіп, Иорданиямен бірлескен жобалар арқылы сауда, энергетика, ауыл шаруашылығы және медицина салаларындағы ынтымақтастықты нығайтуға шақырған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: