Қарағандыда полиция травматикалық тапаншаны жасырмақ болған жүргізушіні ұстады
Сурет: ҚР ІІМ
Қарағанды қаласында өткізіліп жатқан "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полицейлердің қырағылығының арқасында қару жасырмақ болған азамат құрықталды.
Облыстық полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері патрульдік полиция полкінің сақшылары және "Арлан" арнайы жасағының жауынгерлері бірлескен шара барысында 29 жастағы қала тұрғынын ұстады.
Патрульдік полиция күдіктіні тоқтатқан. Сол сәтте жүргізуші белгісіз затты жасырмақ болып, бұталардың арасына лақтырған.
Тексеру кезінде оның травматикалық тапанша екені анықталды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу басталып, қажетті сараптамалар тағайындалды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript