Шығын — 15 млн теңге: Астанада полиция алаяқты ұстады

Деньги, тенге, национальная валюта, национальная валюта РК, национальная валюта Казахстана , сурет - Zakon.kz жаңалық 28.04.2025 11:19 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
"Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу іс-шарасы барысында алаяқ ұсталды.

Елордада "Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу іс-шарасы аясында Есіл ауданы полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен 34 жастағы әйелді ұстады.

Алдын ала тергеу мәліметтері бойынша, күдікті бірнеше азаматтың сеніміне кіріп, оларға тұрғын үй алуға көмектесемін деген сылтаумен алдаған.

Ол өзінің жылжымайтын мүлік нарығында жұмыс істейтін таныстары бар екенін айтып, жалған құжаттар ұсынған.

Нәтижесінде, ол жәбірленушілердің жалпы сомасы шамамен 15 миллион теңгені құрайтын қаражатын заңсыз иемденген.

Күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі бойынша (Ірі көлемдегі алаяқтық) қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде, осындай үш қылмыс эпизоды анықталды. Әйелдің бұрын сотталғаны белгілі болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: