Астанада полицейлер екі есірткі жасырушыны ұстады

Астанада полицейлер екі есірткі жасырушыны ұстады, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.08.2025 18:58 Сурет: polisia.kz
Елорда полицейлері "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында есірткі тасымалына күдікті екі азаматты қолға түсірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

32 жастағы жүргізуші мен 31 жастағы жолаушы мінген Chevrolet Cobalt автокөлігі құжаттарды тексеру үшін тоқтатылған. Құқық қорғау қызметкерлерін көрген күдіктілер қобалжып, оқиға орнынан қашуға әрекеттенгенімен, дереу ұсталды.

Жеке тінту кезінде жүргізушінің қалтасынан ақ түсті ұнтақ тәрізді зат салынған алты түйіншек табылып, тәркіленді. Кейін автокөлік салонын қарау барысында төсеніштің астынан тағы екі түйіншек шықты.

Алматы ауданының криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде сараптама қорытындысы тәркіленген заттың мефедрон екенін растады.


"Тексеру барысында күдіктілердің интернет-дүкен арқылы есірткі сатумен айналысқан "қоймашылар" екені белгілі болды. Олар дайын түйіншектерді жасырын қоймалардан алып, белгіленген орындарға жасырып отырған. Бұл іспен олар шамамен екі апта бойы айналысқан", - деп хабарлады полиция.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полиция синтетикалық және өзге де есірткі құралдары мен психотроптық заттарды "қойма" әдісі арқылы таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: