Элиталық тұрғын үйді "сатумен" айналысқан екі қазақстандық әйел миллиардерге айналып, түрмеге қамалды

Доллары, деньги, коррупция, взятка, взятки, деньги в конверте, конверт с деньгами, коррумпированность, коррупционер, коррупционные схемы, взяточничество , сурет - Zakon.kz жаңалық 28.08.2025 13:52 Фото: Zakon.kz
Zakon.kz хабарлағандай, екі қазақстандық әйел 1 миллиард теңгеден астам сомаға жасалған алаяқтық үшін ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды.

2025 жылғы 28 тамызда Астана қаласының прокуратурасы екі таныстың бірнеше жыл бойы мемлекеттік бағдарлама түрінде алаяқтықпен айналысқанын мәлімдеді.


"Олар кеңсе жалдап, әрекет етуші ЖШС-нің реквизиттерін пайдаланып, жалған келісімшарттар жасасып, азаматтарды Астана мен Алматы қалаларынан жеңілдетілген шарттармен элиталық тұрғын үй алып береміз, мемлекеттік бағдарлама арқылы несие немесе қарыз рәсімдеп береміз деп алдаған. Осының нәтижесінде 150 жәбірленушіге жалпы сомасы 1 миллиард теңгеден астам материалдық шығын келтірілді", – делінген прокуратура хабарламасында.

Сот үкімімен, жеңілдететін мән-жайлар ескеріліп, ауырлататын мән-жайлардың болмауына байланысты, екі әйелдің әрқайсысы 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды.

Келтірілген материалдық шығын сот үкімімен өтеуге міндеттелді.

Үкім заңды күшіне енді.

Айта кетейік, бұған дейін Семей қаласында алаяқтықпен айналысқан көпбалалы, жүкті әйел де сотталып, түрмеге қамалған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: