Рэпер Пи Дидди төрт жылға түрмеге қамалды

Рэпер Пи Дидди төрт жылға түрмеге қамалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.10.2025 11:15 Сурет: Image Press Agency / Legion Media
АҚШ рэпері және продюсері Пи Дидди (шын аты – Шон Комбс) төрт жыл екі ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ ол 500 мың доллар көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sky News дерегінше, прокурорлар Комбсқа 11 жылдан астам түрме жазасын сұраған, ал қорғаушылар ең көбі 14 ай сұраған. Алайда сот Шон Комбсты, яғни Пи Дидди атымен танылған хип-хоп продюсерді, төрт жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айырып, қосымша 500 мың доллар айыппұл салды. Ұзақ әрі эмоционалды өткен сот тыңдауында рэпер алғаш рет сөз сөйлеген.

Шон Комбс екі рет әйелдерді жезөкшелікке тарту мақсатында тасымалдады деп танылды. Судьяның айтуынша, ол түрмеден шыққан соң да сол қылмыстарды қайталауы мүмкін деген күмән бар. Тупак Шакурдың өліміне қатысты іс бұл процесте қаралған жоқ.

Бұған дейін федералды прокурорлар музыкантқа 11 жылдан астам түрме жазасын сұраған болатын.

Шілде айында алқабилер соты Комбсты ең ауыр айыптар – рэкет және адамдарды сексуалдық қанау мақсатында саудаға салу ісі бойынша ақтаған. Осыған байланысты музыкантқа бастапқыда қарастырылған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қолданылған жоқ.

Сот Пи Диддидің зорлық-зомбылыққа бейімділігін атап өтті. Бұл 2016 жылы қонақүйдің бейнебақылау камераларына түсіп қалған кадрлармен расталған, онда ол сүйіктісі Кэсси Вентураға қол көтергені көрінеді.

Жаз айларында сот Пи Диддиге 1 миллион доллар кепілмен босатудан бас тартқан. Музыканттың адвокаттары оны үкім шыққанға дейін қамаудан босатуды сұраған. Рэпер бес бап бойынша айыпталған, оның екеуі бойынша кінәлі деп танылды. Бұл баптар бойынша ол өмір бойына түрмеге қамалуы мүмкін еді.

2025 жылғы 2 шілдеде федералды алқабилер соты Комбсты бес айыптың үшеуі бойынша кінәсіз деп таныды. Ол ең ауыр айыптар – адам саудасы және ұйымдасқан қылмыс жасау бойынша ақталды, деп хабарлайды CNN. Алайда алқабилер оны екі эпизод бойынша – әйелдерді жезөкшелікке тарту мақсатында тасымалдау айыбы бойынша кінәлі деп тапты.

Бұл қылмыс үшін 10 жылға дейін түрме жазасы қарастырылған. Куәгерлердің айтуынша, сот үкімін естіген соң Пи Дидди залда отырғандарға қарап, қол шапалақтаған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: