Абай облысында жабайы қарасора алқабы жойылды

Центр оперативного управления департамента полиции, сотрудники полиции, видеонаблюдение, полиция, полицейские, ЦОУ, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.08.2025 14:56 Фото: Zakon.kz
Абай облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері Мақаншы полиция бөлімінің полицейлерімен бірлесіп, Алакөл көліне 70 шақырым қашықтықта орналасқан жабайы қарасора алқабын анықтады.

Еріктілердің көмегімен ұйымдастырылған арнайы шара барысында 500-ден астам қарасора бұтасы өрттеу әдісі арқылы толықтай жойылды.

Полицияның хабарлауынша, аймақта жабайы қарасора өсетін ошақтарды анықтау және оларды залалсыздандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді.

Мұндай шаралар есірткінің заңсыз айналымының алдын алуға және өңірдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: