Ақтау тұрғынынан 40 келі бекіре тұқымдас балықтар тәркіленді
Сурет: polisia.kz
2025 жылғы 28 тамызда Ақтау қаласының 26-шағынауданында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері сирек кездесетін балық түрлерін заңсыз иемдену дерегі анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тексеру барысында азаматтан бекіре тұқымдас 12 балық (бастары бар, ішкі мүшелерінсіз, жалпы салмағы 41 келі 30 г) тәркіленді.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 339-бабы 1-бөлігімен (1Жойылып кету қаупi төнген, сирек кездесетiн, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсiмдiктер немесе жануарлар түрлерiмен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу1) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.
"Қазіргі уақытта сараптама тағайындалып, қажетті тергеу-жедел шаралары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады полиция.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісін Ақтау қалалық полиция басқармасының тергеу бөлімі жүргізіп жатыр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript