Әділжан Жаудинов дзюдодан кадеттер арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Әділжан Жаудинов дзюдодан кадеттер арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.08.2025 09:43 Сурет: olympic.kz
Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Әділжан Жаудинов кадеттер арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Жарыс Болгарияның София қаласында өтіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дзюдошы 90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде финалдық кезеңге дейін жетті.

Үшінші орын үшін өткен белдесуде Жаудинов Чехия спортшысы Меличар Школаны жеңді.

Осылайша, ұлттық құрама қоржынында бес жүлде бар. Бұған дейін Ернұр Батырғали (60 келіге дейін) алтын медаль иеленсе, Мұхаммедәлі Жылқайдар (66 келіге дейін) күміс медаль жеңіп алды. Ал Арман Мыса (50 келіге дейін) мен Ролан Қайырғали (66 келіге дейін) қола жүлдеге қол жеткізді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: