Алматылықтарға автобустар туралы жақсы жаңалық айтылды

Алматыда электроавтобустар жүретін жаңа бағыт ашылады, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.08.2025 14:41 Сурет: Алматы әкімдігі
Алматыда қоғамдық көлікті жаңарту және экологиялық жағдайды жақсарту жұмыстары жалғасуда. Қалалық мобильділік басқармасы жаңа бағыт ашып, оны электроавтобустармен қамтамасыз етпек, деп хабарлайды Zakon.kz.

№90 бағыттағы автобус Абай даңғылы бойымен – К.Медеубеков көшесінен Республика сарайына дейін қатынайды. Бұл жаңа бағыт Наурызбай ауданындағы Қалқаман және Шұғыла шағынаудандары тұрғындарының қатынасын жеңілдетеді.

Бағытта ұзындығы 12 метрлік "Golden Dragon" маркалы электроавтобустар қызмет көрсетеді.

Алматыда электроавтобустар жүретін жаңа бағыт ашылады, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.08.2025 14:41

Сурет: Алматы әкімдігі

Олар дыбыссыз жүріп, салқындатқыштармен, бейнебақылау камераларымен, USB-ұяшықтарымен, жүргізушіні қадағалау жүйелерімен және өзге де заманауи құралдармен жабдықталған.

Жолаушыларды "Алматыэлектротранс" коммуналдық кәсіпорны тасымалдайды. Күн сайын жолға 25 автобус шығып, қозғалыс аралығы 4 минутты құрайды.

Жаңа бағыт 2 қыркүйектен бастап жұмыс істейді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: