Алматыда 2024 жылы экологиялық қоғамдық көліктің үлесі 70%-ға дейін ұлғаяды

Алматыда 2024 жылы экологиялық қоғамдық көліктің үлесі 70%-ға дейін ұлғаяды, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.08.2024 09:14 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда қоғамдық көлікті дамыту аясында оның экологиялық түріне көшуін қамтамасыз ету және жаңарту жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды қалалық мобилділік басқармасы.

Биыл жергілікті бюджет есебінен газбен жүретін 600 автобус, 100 электробус және 112 троллейбус сатып алуға тапсырыс орналастырылды.

Жеке автопарктер осы жылдың бірінші жартыжылдығында газбен жүретін 150 автобус пен 15 электробус сатып алды.

Осылайша, 2024 жылы экологиялық таза қоғамдық көліктің үлесі 53,7%-дан 70%-ға дейін ұлғаяды, орташа пайдалану мерзімі 3 жылдан 2,5 жылға дейін қысқарады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: