Алматыда жаңбыр жауады, ал Астана мен Шымкентте ауа райы қандай болады: үш күнге болжам

Алматыда жаңбыр жауады, ал Астана мен Шымкентте ауа райы қандай болады: үш күнге болжам, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.09.2025 17:48 Сурет: pixabay
Синоптиктер Астана, Алматы және Шымкент қалаларында алдағы үш күнде қандай ауа райы күтілетінін жариялады. 2, 3 және 4 қыркүйекке арналған болжамға сәйкес, оңтүстік астанада жауын-шашын болады, ал астаналықтар мен шымкенттіктерді жауынсыз күн күтіп тұр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астанадағы ауа райы

  • 2 қыркүйек: Ауа райы құбылмалы, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соққан жел түнде 2–7, күндіз 7–12 м/с. Температура түнде +4…+6°С, күндіз +18…+20°С.
  • 3 қыркүйек: Құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Солтүстіктен 5–10 м/с жылдамдықпен жел соғады. Температура түнде +6…+8°С, күндіз +19…+21°С.
  • 4 қыркүйек: Құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 5–10 м/с. Түнде +10…+12°С, күндіз +23…+25°С.

Алматыдағы ауа райы

  •  2 қыркүйек: Құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 3–8 м/с, күндіз екпіні 13 м/с. Температура түнде +10…+12°С, күндіз +26…+28°С.
  • 3 қыркүйек: Құбылмалы бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр. Жел солтүстік-шығыстан 3–8 м/с, кей жерлерде 15 м/с-қа дейін күшейеді. Температура түнде +11…+13°С, күндіз +21…+23°С.
  • 4 қыркүйек: Құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан 3–8 м/с. Температура түнде +11…+13°С, күндіз +25…+27°С.

Шымкенттегі ауа райы

  • 2 қыркүйек: Аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 8–13 м/с, екпіні 15–20 м/с. Температура түнде +14…+16°С, күндіз +31…+33°С.
  • 3 қыркүйек: Аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соққан жел 8–13 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с. Түнде +15…+17°С, күндіз +31…+33°С.
  • 4 қыркүйек: Аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 8–13 м/с. Түнде +17…+19°С, күндіз +33…+35°С.

Еске салайық, бұған дейін синоптиктер Қазақстанда 2-4 қыркүйек аралығында күн күрт суытатынын хабарлаған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: