Тоқаев Бейжіңге барды

Тоқаев Бейжіңге барды, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.09.2025 19:06 Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бейжіңге барды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2025 жылғы 1 қыркүйекте Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Бейжіңге сапары аясында Қазақ-қытай іскерлік кеңесінің отырысына қатысады. Кездесулер қорытындысы бойынша 70-тен астам құжатқа қол қою жоспарланып отыр.

Президенттің баспасөз-хатшысы Руслан Желдібайдың айтуынша, бұл келісімдер Қазақстан экономикасына жалпы сомасы 15 миллиард доллардан асатын инвестиция тартуға мүмкіндік береді.

Қазақстан мен Қытайдың 100-ден аса компаниясы арасында жасалатын келісімшарттар энергетика, цифрландыру, құрылыс, металлургия, телекоммуникация, көлік және логистика сияқты негізгі секторларды қамтиды.

Еске салайық, Қытайдың Тяньцзинь қаласында өткен ШЫҰ саммиті аяқталды. Бұған дейін Мемлекет басшысының сапары ертең, 2 қыркүйекте Бейжіңде жалғасатынын жазған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: