Коллекторлық агенттіктер тізілімін жүргізу: Ережелерге енгізілген өзгерістер

Телефон, мобильный телефон, сотовый телефон, смартфон, мобильный интернет, мобильная связь, мобильный оператор, мобильные операторы, социальные сети, соцсети, соцсеть, социальная сеть, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.09.2025 12:12 Фото: pexels
2025 жылғы 20 тамызда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі басқармасының қаулысымен коллекторлық агенттіктерді есептік тіркеуден өткізу және олардың тізілімін жүргізу ережелеріне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, енді коллекторлық агенттік:

Құрылтайшылар (қатысушылар) немесе басшылық лауазымдарындағы тұлғалар туралы мәліметтер өзгерген жағдайда, бұл туралы уәкілетті органға жазбаша түрде немесе электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы өзгеріс болған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде хабарлауы тиіс.

Сондай-ақ орналасқан жері, атауы немесе қарыз алушылармен байланыс үшін көрсетілген телефон нөмірлері өзгерген жағдайда, коллекторлық агенттік уәкілетті органға жазбаша түрде немесе электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы өзгеріс болған күннен бастап 3 күнтізбелік күн ішінде хабарлауы қажет.

Қаулы 2025 жылғы 13 қыркүйектен бастап күшіне енеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: