Қорғаныс министрі Шымкент гарнизонында жауынгерлік дайындық пен қызмет жағдайларын тексерді

Жұмыс сапары аясында Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов Шымкенттегі бірқатар әскери бөлімдер мен мекемелерді аралап, олардың қызметімен, инфрақұрылымымен және әскери қызметшілерге жасалған жағдайлармен танысты., сурет - Zakon.kz жаңалық 04.09.2025 16:57 Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі
Жұмыс сапары аясында Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов Шымкенттегі бірқатар әскери бөлімдер мен мекемелерді аралап, олардың қызметімен, инфрақұрылымымен және әскери қызметшілерге жасалған жағдайлармен танысты.

2 қыркүйекте елімізде күзгі әскерге шақыру науқаны басталғаны белгілі. Осыған орай министр қалалық шақыру пунктіне барып, әскерге шақырылушыларға жасалған жағдайлар мен медициналық комиссиядан өту тәртібін зерделеді. Сондай-ақ, алғашқы шақырылушылармен және Қарулы күштердің ардагерлерімен сұхбаттасты.

Қорғаныс ведомствосының басшысы Арнайы операциялар күштері бөлімшелерінің инфрақұрылымын және жауынгерлік дайындық деңгейін тексерді. Оқу-жаттығу кешенінде оған ғимаратты шабуылдау және қала жағдайында ұрыс қимылдарын жүргізу элементтері көрсетілді.

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі

Қалалық аумақтық қорғаныс бригадасында министр резервтегі әскери қызметшілерді қайта даярлау іс-шараларының орындалуы жөнінде баяндаманы тыңдап, практикалық сабақтар өткізуге арналған инфрақұрылыммен, оның ішінде арнайы шабуылдау жолағымен танысты. Ол мұндай жаттығулардың жеке құрамның кәсіби дайындығын арттырып, күрделі жағдайларда үйлесімді әрі тиімді әрекет етуіне ықпал ететінін атап өтті.

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі

"Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің ең ірі құрамаларының бірі – механикаландырылған бригадада министр мерзімді әскери қызметшілерге жасалған әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларға ерекше назар аударды. Сарбаздар жеке гигиеналық құралдармен толық қамтамасыз етілген. Әр тумбочкада қажетті заттардың толық жиынтығы бар. Сонымен қатар, Дәурен Қосанов жеке құрамды медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырудағы оң тәжірибені атап өтті.

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі

Бөлімде әр сарбазға арналған жеке медициналық карта жүргізіледі. Онда денсаулық жағдайы туралы барлық мәліметтер тіркеліп отырады. Бұл жүйе сарбаздардың қажеттіліктерін анықтап, оларды тиісті дәрі-дәрмекпен уақытылы қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Министр төтенше жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларының маңыздылығын да атап өтті.

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі

Сапар қорытындысы бойынша Қорғаныс министрі мерзімді әскери қызметке шақырылушыларды сапалы іріктеу, жеке құрамды оқыту және жауынгерлік дайындық әдістерін жетілдіру жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: