Қазақстанда Әуе қорғанысы күштерінің автоматтандырылған басқару жүйесі алғаш рет сынақтан өтті
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі
Алғаш рет автоматтандырылған басқару жүйесі сынақтан өткізіліп, ол жауынгерлік жағдайға барынша жақындатылған ортада өзінің тиімділігін көрсетті.

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі
Оқу-жаттығу барысын Қорғаныс министрінің орынбасары – Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы генерал-майор Қайрат Садықов және Қорғаныс министрінің цифрландыру жөніндегі орынбасары Дархан Ахмедиев бақылады.

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі
Маневрлерге әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімшелері мен шартты қарсылас рөлін атқарған Әуе күштерінің майдандық авиация экипаждары қатысты.

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі
Әуе нысандары анықталған сәтте әуе шабуылына қарсы қорғаныс есептоптары жаппай соққыларға тойтарыс беру үшін хабардар ету және соққы беру құралдарын қолдану алгоритмдерін пысықтады.
"Тактикалық оқу-жаттығу Әуе қорғанысы күштерінің дамуына маңызды кезең болды. Біз алғаш рет автоматтандырылған басқару жүйесін қолдандық, нәтижелері күткеннен де асып түсті. Цифрлық шешімдер ақпарат алмасу жылдамдығын арттырып, үйлесімділікті нақтылай түсті. Бұл әскерді басқару жүйесін жетілдіруге ықпал етті", – деп атап өтті әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскері маманы Әділ Сүбебаев.

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі
Оқу-жаттығу цифрлық шешімдерді жауынгерлік тәжірибеге енгізу бөлімшелердің жауынгерлік қабілетін арттыруға және ел әуе кеңістігінің қауіпсіздігін нығайтуға жаңа мүмкіндіктер ашатынын растады.

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі