Сенбіде еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауатыны болжанады
Сурет: Алматы қалалық әкімдігі
Алдағы сенбіде, 2025 жылы 6 қыркүйекте бүкіл Қазақстан бойынша қолайсыз ауа райы тіркеледі, яғни найзағай ойнап, бұршақ түсіп, дауыл тұрып күн райы бұзылатыны болжанады, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Болжамға сәйкес, еліміздің оңтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында ауа райы, негізінен, жауын-шашынсыз болады деп күтіледі.
"Қазақстан аумағының басым бөлігі циклон мен онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалында болады: найзағай ойнап, жаңбыр жауады, еліміздің солтүстік-батысында бұршақ түсіп, дауыл болуы мүмкін... Республика бойынша ортақ табиғи құбылыс - желдің екпін алуы, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады, солтүстік пен шығыста түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі". "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі
Сонымен бірге мынандай қауіпті табиғи құбылыстар күтіледі:
- өрт қаупі жоғары – Алматы, Ақтөбе, Ұлытау, Жетісу облыстарында, Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, Атырау облысының батысында, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде;
- төтенше өрт қаупі – Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау Жамбыл облыстарында, Батыс Қазақстан облысының батысында, Алматы облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, Жетісу өңірінің шығысында, оңтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстік-батысында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының шығысында, орталығында, Ұлытау облысының шығысында.
Бұған дейін "Қазгидромет" РМК синоптиктері 2025 жылдың қыркүйек, қазан және қараша айларында ауа райы қандай болатынын айтып, өз болжамдарымен бөліскен болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript