Ипотекалық займдар бойынша жылдық тиімді пайыздық мөлшерлемені төмендету нормасы 1 қарашаға дейін тоқтатылды

Дом, жилье, квартира, недвижимость, покупка дома, покупка жилья, покупка недвижимости, покупка квартиры, аренда, аренда квартиры, аренда дома, аренда жилья, съемное жилье, съемная квартира, съемный дом, продажа дома, продажа жилья, продажа квартиры, ипотека, ипотечная программа, ипотечное жилье, дом в ипотеку, квартира в ипотеку, цены на квартиры, цены на жилье, цены на дома, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.09.2025 09:13 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі және ҚР Ұлттық банкі "Сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің шекті мәндерін айқындау туралы" бірлескен қаулының құрылымдық элементінің әрекетін тоқтата тұру жөнінде бірлескен қаулы қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Екінші деңгейлі банктердің автоматтандырылған банк жүйелерін бейімдеуіне қосымша уақыт беру, сондай-ақ азаматтардың ЖТСМ-нің шекті мәнін төмендету нормасы күшіне енгенге дейін мақұлданған ипотекалық тұрғын үй займдарын алу мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында ипотекалық тұрғын үй займдары бойынша ЖТСМ-ді 25%-дан 20%-ға дейін төмендету нормасы 2025 жылғы 1 қарашаға дейін тоқтатыла тұратын болды.

Тоқтата тұру кезеңінде ЖТСМ-нің келесі шекті мәндері белгіленді:

  • екінші деңгейлі банктер және жекелеген банктік операцияларды жүзеге асыратын ұйымдар беретін банктік займдар бойынша:
  • қамтамасыз етілмеген банктік займдар – 46%;
  • қамтамасыз етілген банктік займдар – 35%;
  • ипотекалық тұрғын үй займдары бойынша – 25%.

Микрокредиттер бойынша:

  • микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар беретін – 46%;
  • микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар беретін, мерзімі 45 күнтізбелік күнге дейін және мөлшері 45 АЕК-тен аспайтын микрокредиттер бойынша – күніне 0,3%-дан төмен, бірақ жылына 179%-дан аспайды.

Еске салайық, маусым айының басында Қазақстанда ипотекалық тұрғын үй займдары бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті деңгейі 25%-дан 20%-ға дейін төмендетілген болатын. Алайда бірнеше күннен кейін қаржы реттеушілері бұл көрсеткішті бұрынғы деңгейге қайтаруды ұсынды және 20 тамызда аталған шешім нормативтік түрде бекітілді.

Бірлескен қаулы 4 қыркүйектен бастап күшіне енді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: