2025 жылғы 1 қарашадан бастап ипотекалық несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесі төмендейді
Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банк бірлескен қаулымен ипотекалық тұрғын үй несиелері бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін 25%-дан 20%-ға төмендету нормаларын 2025 жылғы 1 қарашаға дейін уақытша тоқтатты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл шешім банктерге алдағы өзгерістерге дайындалуға, ал қарыз алушыларға бұрын мақұлданған несиелерді бұрынғы шарттармен алуға мүмкіндік беру үшін қабылданған.
2025 жылғы 1 қарашадан бастап жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерлері мынадай болып белгіленеді:
- екінші деңгейлі банктер мен жекелеген банк операцияларын жүзеге асыратын ұйымдар беретін несиелер бойынша:
- кепілсіз банктік несиелерге – 46%;
- кепілмен қамтамасыз етілген несиелерге – 35%;
- ипотекалық тұрғын үй несиелеріне – 20%;
- микроқаржы ұйымдары беретін микрокредиттер бойынша – 46%.
Осылайша, 2025 жылғы 1 қарашадан бастап ипотекалық несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесі 25%-дан 20%-ға дейін төмендейді.
Айта кетсек, ипотекалық тұрғын үй несиелері бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін төмендету туралы бірлескен қаулы 2025 жылғы 8 қыркүйекте қабылданған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript