Алматыда заңсыз айналымнан ірі көлемде синтетикалық есірткі тәркіленді

Полицейский пистолет, пистолет полицейского, полиция, полицейский, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.09.2025 14:55 Фото: Zakon.kz
Алматы қаласында республикалық "Учаске" жедел алдын алу іс-шарасы аясында Түрксіб аудандық полиция қызметкерлері ірі көлемдегі есірткі затын тәркіледі.

Полицияға қаладағы қонақ үйлердің бірінде тыйым салынған заттардың сақталғаны туралы ақпарат келіп түскен. Тексеру барысында тәртіп сақшылары, өзіне тән иісі бар, ақшыл түсті ұнтақ зат салынған бірнеше байламды тауып, тәркіледі.

Сондай-ақ күдіктінің автокөлігінен де осындай бір байлам табылды. Тәркіленген заттың жалпы салмағы 1,3 келіден асты. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды.

"Учаске" жедел алдын алу іс-шарасының басты мақсаты – азаматтарды қылмыстық әрекеттерден қорғау және құқықтық тәртіпті нығайту, – деді Түрксіб аудандық полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев.

Полиция азаматтарды есірткінің заңсыз айналымы туралы кез келген дерек бойынша белсенді түрде хабарлауға шақырады және заңда көзделген жауапкершілікті еске салады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: