Трассада ірі көлемдегі синтетикалық есірткімен есірткі курьері ұсталды

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, сотрудники полиции, правоохранительные органы, погоны, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.06.2025 14:34 Фото: Zakon.kz
"Қарасора – 2025" республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы аясында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөліністерінің қызметкерлері есірткі құралдарының заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

Астрахан тас жолында сауда компанияларының бірінде жұмыс істейтін 27 жастағы елорда тұрғыны басқарған автокөлік тоқтатылды.

Көлікті тексеру кезінде артқы орындықтан салмағы 1,5 кг синтетикалық а-PVP есірткісі салынған пакет табылып, тәркіленді.

Алдын ала мәлімет бойынша күдікті куратордың нұсқауымен әрекет етіп, есірткіні тасымалдау және жасыру әдісімен таратқан. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Қарасора – 2025" жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда. Ішкі істер органдары есірткі заттарының жеткізілу және таратылу арналарының, соның ішінде интернет-платформалар мен курьерлік жүйелер арқылы өтуін тоқтатуға бағдарланған. Ішкі істер министрлігі ескертеді: есірткі заттарының заңсыз айналымы – заң алдында қатаң жауапкершілікке әкелетін ауыр қылмыс", – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: