Алматыда полицейлер 24 келіден астам қарасораны тәркіледі

Алматы қаласында "Қарасора" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ірі көлемдегі есірткі затын тәркіледі. , сурет - Zakon.kz жаңалық 10.09.2025 10:42 Сурет: ҚР ІІМ
Алматы қаласында "Қарасора" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ірі көлемдегі есірткі затын тәркіледі.

Экологиялық бекетте полицейлер 59 жастағы қала тұрғыны басқарған Toyota автокөлігін тоқтатты. Кейін Наурызбай ауданындағы оның тұрғылықты мекенжайына жүргізілген тінту барысында үй ауласынан 13 түп қарасора анықталып, тәркіленді.

Сараптама қорытындысы бойынша алынған есірткі затының жалпы салмағы 24 келі 680 грамды құрады. Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

"Полиция қызметкерлері есірткі таратудың жолын жүйелі түрде кесіп келеді. Жедел уәкілдер, арнайы жасақ және кинологтардың үйлесімді жұмысының нәтижесінде заңсыз айналымға түсуі мүмкін болған ірі көлемдегі қарасораның жолы кесілді. Есірткі қылмыстарын анықтау және олардың алдын алу шаралары жалғасын табады", – деді Алматы қалалық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: