Қазақстандағы алғашқы АЭС-ке ең үздік атау қашан анықталады: дата жарияланды

АЭС, атомная электростанция, производство электроэнергии, атомная промышленность, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.09.2025 16:40 Фото: pexels
ҚР Атом энергиясы агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Алматы облысы Жамбыл ауданында салынатын атом электр станциясына (АЭС) ең үздік атау беруге арналған бүкілхалықтық конкурс өткізу жөніндегі комиссия құру туралы бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2025 жылғы 9 қыркүйекте агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады.

"Конкурстық комиссияға: 2025 жылғы 19 қыркүйекке дейін Алматы облысы Жамбыл ауданындағы атом электр станциясына ең үздік атау беруге арналған бүкілхалықтық конкурсты өткізу ережелерін бекіту; 2025 жылғы 17 қазанға дейін конкурс өткізіп, АЭС-ке ең үздік атауды анықтау тапсырылсын (Қазақстандағы алғашқы АЭС – ред.)", – делінген сейсенбі күні таратылған құжатта.

Бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Еске сала кетсек, 2025 жылғы 8 қыркүйекте Алмасадам Сәтқалиев қазақстандықтарды АЭС атауын таңдауға ынталандыру үшін қандай сыйлық қарастырылғанын айтқан болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: